• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Шілде, 2020

Ақтауда дәрігерлер 4 қонақүйге орналастырылды

320 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облыстық коммуникация орталығы хабарлады.

Қазіргі таңда Маңғыстауда қауіпті індет жұқтырған науқастарды емдеу үшін 400-ге жуық медициналық мамандар үздіксіз қызмет етуде.

Барлық медициналық қызметкерлер үйлеріне бармай Ақтау қаласы бойынша 4 қонақ үйге орналастырылды. Атап айтар болсақ, "Nur Plaza", "Көктем", "Анталия" және "Арман" қонақ үйлері. Осы орайда "Nur Otan" партиясының бастамасымен дәрігерлердің қызметін қамтамасыз ету және қолдау мақсатында "Қаражанбас Мұнай" АҚ, "Каз Азот" АҚ, "Каспий Битум" ЖШС, "МАЭК-Казатомпром" ЖШС және де депутаттық фракция мүшелері медициналық қызметкерлер орналасқан қонақ үйлерге күнделікті қажетті сүт өнімдері мен көкөніс, жеміс жидектермен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар медициналық қызметкерлердің үздіксіз жұмысын жүйелендіру мақсатында "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен дәрігерлердің жұмысқа қатынауы үшін олар 5 арнайы микроавтобуспен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта да "Nur Otan" партиясы дәрігерлердің үздіксіз жұмысын ұйымдастырып, жүйелі түрде қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жұмысын жалғастыра береді.