• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2020

Алматыда туристік орындарға баруға шектеулер енгізілді

19587 рет
көрсетілді

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын ескерту мақсатында Алматы тұрғындарының арасында Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен 14 шілдеден бастап ұлттық саябақтар мен туристік орындарға баруда жекелеген шектеулер енгізілгенін хабарлады Алматы қаласының Бас санитар дәрігері, - деп жазады Egemen.kz.

"Атап айтқанда, ұлттық саябақтар аумағына, танымал туристік және таулы нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан, сонымен бірге, радонды қайнар бұлағы) кез келген көлікпен баруға тыйым салынады. Демалыс күндері ұлттық саябақтар келушілер үшін жабық. Жұмыс күндері тек жаяу серуендеуге келесі ережелерді сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:

Ішетін сусыннан басқа азық-түлік өнімдерін әкеліп, пикник ұйымдастырып, алау жағуға қатаң тыйым салынады;

Саябақ аумағында үштен артық адамдармен топтасып жүруге тыйым салынады;

Әлеуметтік қашықтық сақтаудың санитарлық нормаларын ұстанып, маска кию және адамдар арасында қашықтық сақтау", - делінген дәрігердің хабарламасында.