Бүгін Қытайдан Қызылордаға гуманитарлық көмек келіп жетті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас Facebook парақшасында жазды.
"Қызылордада COVID-19 Қазақстан қоғамдық бақылауы өз жұмысын бастады. Бүгін Қытайдан келген гуманитарлық көмекті қарсы алдық. Тауарды қабылдау 2020 жылдың 14 шілдесінде сағат 12:15-те (Қызылорда уақыты бойынша) жүзеге асты. Жүк жөнелтуші құжат бойынша "СҚ-Фармация" келісімімен "Ақ Ниет" ЖШС қоймасы болды", - делінген жазбада.
Гуманитарлық тауардың тізімі:
1. Медициналық қорғаныш комбинезоны – 1600 дана;2. Бір реттік хирургиялық қолғаптар - 8200 дана;3. Байланыссыз инфрақызыл термометр - 50 дана;4. № 95 медициналық маскасы - 5400 дана;5. Хирургиялық маскалар - 28 960 дана;6. Медициналық қорғаныш көзілдірігі - 3700 дана;Ертең, 15 шілде гуманитарлық көмек медициналық ұйымдарға таратылып, бөлінеді.