• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Шілде, 2020

Қызылордаға өкпені жасанды желдету құрылғылары жеткізіледі

210 рет
көрсетілді

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасымен аймақты қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету үшін жүйелі жүргізілуде. Осы мақсатта республикалық бюджет есебінен өкпені жасанды желдететін 68 құрылғыға қосымша тапсырыс берілді. 

Сонымен бірге, жақын күндері демеушілік көмек ретінде Түркия мемлекетінен осындай 10 аппарат ауруханаларға жеткізіледі, "РОСКОСМОС" мемлекеттік корпорациясы тарапынан Байқоңыр қаласындағы ауруханаға 1 құрылғы әкелінетін болады.

Қазір облыс аумағындағы ауруханаларда осындай 64 құрылғы бар, оның 29-ы қалада, 25-і аудандардағы емдеу мекемелерінде орналасқан.