• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Шілде, 2020

Алматыға дәрі тиеген ұшақтар келді

222 рет
көрсетілді

Алматыға Ресейден COVID-19 вирусына қарсы медициналық препараттардың ірі партиясы жеткізілді. Мегаполисте дәрі-дәрмектің тұрақты қорын құру үшін 5 млрд теңге бөлінді.

Алматы қаласының халық­ара­лық әуежайына дәрілік пре­па­раттар тиелген екі бірдей ұшақ келіп қонды. Ресейден 55 тон­на медикамент жеткізілді. Әуе лайнерімен келген жүк құра­мында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат, шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Тізімде азит­ромицин, цефтазидим, ибу­п­ро­фен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, ни­месулид, левофлоксацин, меро­­пенем ұнтағы, эноксапарин-бинергия және басқа да дә­рі­лер қамтылған.

Медициналық препараттарды азаматтық авиация коми­те­ті­нің арнайы борттарымен жедел жеткізу – Үкіметтің нарықты ең қажетті дәрілермен шұғыл толықтыру үшін жүзеге асырған ша­раларының бірі. Ендігі жерде нарықты қамтамасыз ету үшін және дәріхана желілерін қажетті препараттармен үнемі толық­ты­рып отыру үшін осындай рейстер тұрақты түрде орын­далады.

Денсаулық сақтау минис­тр­лі­гі Тауарлар мен қыз­мет­тер­дің сапасы мен қа­уіп­сіздігін ба­қылау комите­ті­нің хабарла­­у­ынша, дәрілік құралдар мен пре­параттар декларациялау арқылы үш күн ішінде сертифи­кат­талады.

Алматыға әкелінген дәрі­лік препараттарды төрт ірі фар­ма­цевтикалық компания дәрі­ханаларға жеткізумен айна­­лысады. Бұл «Медсервис плюс» КФК» ЖШС, «Хим­фа­рм» АҚ, «Нобель Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ, INKAR желілері. «Хим­фарм» АҚ өкілі:

– Компания барлық қажет­ті шараны қолға алып, тек өз кәсіпорнында дәрі өн­ді­ру көлемін ұлғайтып қана қой­май, сонымен бірге Ресей­дегі серіктестерімен – вирус­қа қарсы препараттар шы­ға­­ратын «Акрихин» компа­ния­­сымен байланысқа шық­ты. Олар өндіретін ви­рус­қа қар­сы препараттар қазақ­стан­дық «Химфарм» компаниясында шығарылмайды. Осы серік­­­тестіктің, сондай-ақ Мәс­­­кеу­­­ден көліктік әуе бор­тын ұйым­дастыру үшін екі мем­ле­кет­тің көрсеткен жедел қол­да­уы арқылы Қаз­ақс­танға «Осельтамивир» пре­па­ра­ты­ның үлкен партиясы бар рейс келді. Аталған препарат дистрибьютерлік ком­па­ния­лар­ға дереу беріліп, еліміздің дәріханаларына жақын күндері жеткізіледі, – деп мәлімдеді.

Бір атап өтерлігі, Ресей Феде­ра­циясынан келген жүк­тен өзге, Алматыға шілде­нің соңына дейін шама­мен әлеуметтік ма­ңызы бар 4,2 млн қаптама дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде.

– Үкіметтің қолдауының нәти­жесінде ең қажет препараттар жеткізілді. Мұнда өте қажет дәрі-дәрмектің 13 түрі бар. Үндістаннан да жүк келеді деп жоспарланған, – деді «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова.

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тап­сыр­­­масы бойынша дәрі-дәрмек­тер­ді іркіліссіз жеткізу үшін өндірушілермен, ірі жеткізу­ші­лермен және дәрі-дәрмек дистрибьютерлерімен белсенді жұмыс жүргізілуде. Барлық фарм­компаниялар 1 шілдеден бастап дәріханаларға әлеуметтік маңызы бар 581 мың дана препарат жеткізді. Оның ішінде парацетамол, аспирин, ингавирин, ибупрофен, азитромицин және басқа дәрілер, сонымен қатар термометр бар.

Дәрі-дәрмекке деген сұраныс артқан кезде қала әкімдігі, жеткізушілер мен дәріханалар желісі өзара келісімге қол қойып, нәтижесінде әлеуметтік ма­ңызы бар дәрі-дәрмектің 41 түрі дереу жеткізілетін 105 дәрі­хана нақтыланған болатын. Дәрі-дәрмек жеткізу, бағасын көтермеу және бір қолға үш қаптамадан артық дәрі бермеу тәртібі ретке келтірілуде. Сонымен қатар аталған 105 дәріханада дәрілердің өту про­це­сіне, олардың 10 түрінің және термометрлердің қанша қал­ға­нына күн сайын мониторинг жүргізіледі.

Қала әкімі Б.Сағынтаев Алматыда дәрі-дәрмектің тұ­рақ­ты қорын құру үшін 5 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Бұл қаржы жеткізушілердің ағым­да­ғы бағамен 6-8 айға жететін дәрі-дәрмек сатып алуына және оны халыққа қолжетімді ба­ға­мен өткізуіне бағытталуда.

 

АЛМАТЫ