Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары әлеуметтік желілерде полиция жұмысына қатысты 140-тан пост орналастырды. Соның ішінде Полиция департаментіне электрондық ресурстар арқылы ондаған өтініш келіп түсті. Көбіне солтүстікқазақстандықтар өз сұрақтарына әлеуметтік желілер арқылы жауап алуға тырысады.
Азаматтардың қоғамдық тәртіпке бей-жай қарамауларын белгілі пабликтерден жиі көруге болады, онда пайдаланушылар фото және бейнеконтенттер жібереді. Осындай материалдар бойынша полиция қызметкерлері тексерістер жүргізіп, заңнамамен белгіленген шараларды уақтылы қабылдайды. "Халықпен кері байланыс бұл – полиция ведомствосының барлық бөліністері үшін аса маңызды қадам. Полиция жұмысындағы басымдылық барлық өтініштерге, оның ішінде онлайн-форматта келіп түскендерге жедел әрекетету болып табылады. Құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамай, солтүстікқазақстандықтардың жиі көрсетіп келе жатқан белсенді азаматтық ұстанымы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыстың тиімділігіне ықпалын тигізеді", - дейді өз сөзінде "халық үніне құлақ асатын мемлекет" принципіне тоқталған СҚО ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев.
Жыл басынан әлеуметтік желілерде солтүстікқазақстандықтар полицияның жұмысына қатысты 140-тан астам пост орналастырды. Олардың дені жол қозғалысы қауіпсіздігі, ТЖ режімін, абаттандыру қағидалары, тыныштықтықты бұзушылықтарға қатысты болды. Барлық фото және бейнематериалдар бойынша тексерістер жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданды.