Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академиясын құру туралы келісімге сай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің оған халықаралық ұйым ретінде қосылуы туралы шешім қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы академия Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан 2010 жылы Лаксенбургта (Австрия Республикасы) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, дербес даярлау, ғылыми-зерттеулер саласында үздік тәжірибе орталығының міндеттерін орындайтын халықаралық ұйым ретінде құрылған болатын.

Қазақстан Республикасының осы жобаға қатысуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің дербес білім алуына, біліктілігін арттыруға және үздік тәжірибемен алмасуына мүмкіндік береді. Аталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық академия БҰҰ есірткі мен қылмыс және Еуропа Одағындағы алаяқтыққа қарсы күрес бюросы басқармасының Австрия үкіметімен ынтымақтасуы арқылы дүниеге келді. Академияға Ассамблеяға қатысушылар, Кеңесті басқарушылар, Халықаралық консультативтік кеңесті басқарушылар, Халықаралық ғылыми-консультативтік кеңес, декан жетекшілік етеді.
Қазіргі күні академияның құрамына халықаралық ұйым ретінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясын бекіту туралы келісіміне қол қойған 48 қатысушы кіреді. Осыған орай кезінде, яғни 2010 жылы Вена қаласында Австрия Республикасы үкіметінің БҰҰ есірткі және қылмыс бойынша басқармасымен бірге «Арманнан нақтылыққа: жемқорлықпен күресудің жаңа және кешенді амалдары» атты конференция өткізілді. Енді бүгінде академияда оқыту бағдарламасы бес бөлімнен, яғни оқытудың қалыпты бағдарламасы және ғылыми-зерттеу жұмыс; оқытудың арнайы бағдарламасы және ғылыми-зерттеу жұмыс; ғылыми дәреже бағдарламасы; кеңес және біріккен іс-қимыл алаңы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми-зерттеу орталығы және салыстырмалы қызметтен тұрады.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».