• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Шілде, 2020

Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек жетті

216 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылорда облысына Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті. "Ақниет" ЖШС арқылы 240 мыңға жуық медициналық зат әкелінді. Онда емдеу мекемелеріне қажетті медициналық қолғаптар, қорғаныш киімдер, арнайы көзілдіріктер бар. Бұл заттар облыстағы барлық ауруханалар мен емханаларға сұраныстарына қарай бөлінеді. Бұған дейін осындай көмек Қытай мемлекетінен де келген болатын.

– Әлемді алаңдатқан пандемияға байланысты мемлекет тарапынан ауқымды ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Барлық емхана, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары іске асып жатыр. Қазір облыстағы емханалар мен ауруханаларда жеке қорғаныш құралары мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Гуманитарлық көмектің үлкен саяси мәні бар. Жуырда көршілес Қытайдан келсе, енді тарихымыз, тамырымыз үзілмеген Өзбекстаннан келуде. Қай кезде де қиындық елді қиыстырады. Таласқаннан емес, жарасқаннан бірігеміз. Сондықтан мұндай уақытта әрқайсымыз біріге отырып, індетті жеңіп шығамыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

Шетелден келген көмектің емдеу нысандарына дұрыс жеткізілуі де қатаң бақылануда.

– Гуманитарлық көмек діттеген мақсатына жетуі керек. Халықтың денсаулығы үшін достық мемлекеттердің көмегіне ризашылық білдіреміз. Тиісті мекемелерге жетуін қадағалауды аяғына дейін жүзеге асыратын боламыз, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов.