Қазақстан Қарулы Күштерінде 1997 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Жас ұлан» фестивалі аяқталды.
– Бұл фестиваль тұңғыш рет мемлекетіміздің астанасында өткізіліп отыр. Фестивальдің мақсаты Қарулы Күштердің имиджін көтеру, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, әскери қызметшілердің шығармашылық потенциалын қолдау, – деп атап көрсетті Бас штаб бастығының орынбасары, полковник Мұхамеджан Таласов.

Фестивальдің ақтық сайыстарына әртүрлі бөлімдер мен әскери оқу орындарынан келген 250-ге жуық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар қатысса, бас жүлде – Гран-при «Жас ұлан» мектебінің оқушысы Темірлан Марксовқа бұйырды. «Вокал» номинациясында бірінші орынды 85395 әскери бөлімінің «Қырандар» вокалдық тобы иеленсе, «фольклорлық орындаушылар» номинациясында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының фольклорлық тобы алға шықты. «Вокалдық-аспаптық ансамбльдер» номинациясында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының «Сұңқар» тобы топ жарып, фестиваль лауреаты атанды.
«Егемен-ақпарат».