• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2013

Ұлттық рухты асқақтатқан ән кеші

493 рет
көрсетілді

«Қ.Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қазақтың ақын-сазгерлерінің шығармашылығында айшықталған келелі ойлар мен рухани құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған «Дала дауылпаздары» атты дәстүрлі ән кеші өтті.

«Қ.Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен қазақтың ақын-сазгерлерінің шығармашылығында айшықталған келелі ойлар мен рухани құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған «Дала дауылпаздары» атты дәстүрлі ән кеші өтті.

Бұл кеште Абайдың, Әсеттің, Балуан Шолақтың, Естайдың әндері шырқалды. Халық жүрегінен орын алған «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем Қаламқас», «Інжу-маржан», «Ғалия», «Қорлан», «Құсни-Қор­лан» әндеріндегі іңкәр сезім иірім­дері қандай жағдай болмасын адами құндылықтарды сақтап қалуға жете­лейтіні сөзсіз.

Саят Нұрғазин, Еркін Шүкі­манов, Ардақ Исатаева, Нұржан Жан­пейісов, Талғат Әбуғазы, Жан­келді Маясаров, Дулат Азат­ұлы, Ерназ Халықов, Ерқанат Кө­шенов, Ғазым Қабденов, Нұргүл Әлқожа, Жанқоза Аяпов, Тілеулес Құр­манғалиев, Еркебұлан Карипов, Сай­лау Нұрберген сынды көптеген рес­публикалық, халықаралық сайыстардың лауреаттары кон­церттің әсерлі өтуіне ұйытқы болды.

Кеш көрермендері: жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, мектеп оқушылары, зейнеткерлер мен еңбек және соғыс ардагерлері ара-арасында әншілерге қосылып, кештің қызықты өтуіне атсалысты. Осының бәріне қуанасың. Алайда, бұл ретте ойланарлық жағдайлар да жоқ емес. Осыдан біраз бұрын жастар арасында «Қазақ ақындары мен сазгерлерін қаншалықты білесің?» деген сауалдама жүр­гізген болатынбыз. Өкінішке орай, сауалдаманың нәтижесі көңіл көншітпейді. Көптеген жас буын өкілдері, нақты айтсақ, сауалдамаға қатысқандардың 80 пайызы халық әндері жөнінде ештеңе білмейтін болып шықты. Міне, сондықтан да ұлттық өнеріміз осы іспеттес мазмұнды кештерде ғана емес, әр отбасында, білім беру ошақтарында, қоғамда үнемі насихатталып отыруы тиіс. «Қ.Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры жас ұрпақты жігері, рухы мықты Алаш ұланы ретінде тәрбиелеуді бағыт-бағдарында ұстап келеді.

Дина МҰХАМЕДХАН,

«Қ.Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының директоры.

Алматы.

Соңғы жаңалықтар