• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Президент 20 Шілде, 2020

Президент шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы Жарлыққа қол қойды

252 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жарлықтың мәтіні төмендегідей: 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы №470 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1-2. Қазақстан Республикасының орталық және жер­гілiк­тi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыр­күйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның жұмыс органына «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша мамандар даярлауға өтiнiмді ұсынсын.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

4-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына (бұдан әрі – Іріктеу қағидалары) сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау, одан айыру туралы шешім қабылдау;»;

3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;

10-тармақта:

2) тармақша алып тасталсын;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) мемлекеттік тілді білудің қажетті ең төмен деңгейін, шетелдік жоғары оқу орындарының, шет мемлекеттердің уәкілетті органдары айқындайтын шетелдік ұйымдардың талаптарын ескере отырып, шет тілін білудің қажетті ең төмен деңгейін белгілейді;»;

мынадай мазмұндағы 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын:

«12) Іріктеу қағидаларына сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясынан бас тартуды қабылдайды, сондай-ақ «Бо­ла­шақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде алған мамандығы бойынша еңбек қызметін Қазақстан Республикасының аума­ғында жүзеге асыруды кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды;

13) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін жыл сайын бекітеді;

14) Іріктеу қағидаларында айқындалған адамдар санат­тары үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын жыл сайын белгілейді.».

Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 16 шілде

№372