Зардап шеккен туристерді Іле Алатауының тауларынан құтқарушылар тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Достар Алма-Арасан шатқалына серуендеуге шығады. Кейін жазық жерге барып, шатыр құрады. Таудың салқын самалын ұнататын демалушылар кеш құрым төмен түсуді ұйғарады. Себебі төменге түсудің еш қиындығы жоқ еді. Сол мезетте әлдебір бейтаныс дауыс естіледі. Зәре-құты қашқан демалушылар лезде шатырдың ішіне тығылады.
"Жануарға тән дыбыс, ол аюдікіне ұқсас болды", дейді туристер.
Ешкім аюдан зардап шекпеген. Алайда құтқарушылар келгенімен, демалушылардың бірінен жүрек талмасы ұстаған. Жедел медициналық көмектің арқасында бәрі дін аман. Қалаға жеткен соң құрқарушылар зардап шеккен туристерді полиция қызметкерлеріне тапсырды.
"Карантин кезінде тауларда демалушылар қатары азайғандықтан, жабайы аңдар шатқал шегінен төмен түсе бастады", дейді "ІІМ ТЖК РЖҚЖ" ММ.