• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Коронавирус 20 Шілде, 2020

Алматыда қосымша инфекциялық орындар құрылуда

90 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың жаңа нысандарын ковидтік госпитальдер ретінде пайдаланудың дайындық барысымен танысты, - деп хабарлайды Egemen.kz

 

Бүгін қала әкімі жұмыс сапары барысында №4 перзентхананың жаңа нысанында болды.

«Бүгін №4 қалалық перзентхананың жаңа корпусын қарап шықтым. Мұнда COVID-19-бен ауырғандар үшін қосымша 50 төсек-орын ашылады. Коронавирус инфекциясымен босанатын әйелдерге арналған госпитальды дайындауда құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталды. Қазір хирургиялық, реанимациялық жабдықтарды, ӨЖЖ аппараттарын қосу жұмыстары жүргізілуде. Сөйтіп апта соңына қарай бұл жер КВИ-мен босанатын әйелдерді қабылдауға дайын болады», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында.

Әкім өзінің сөзінде ковидті стационар ретінде жұмыс жасайтын перзентхана 105 төсек- орынға артатынын айтты.

«Жоғары білікті медициналық көмектің дер кезінде көрсетілетіндіктен, аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығы мен өмірі сақталатын болады»,- деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Алматы әкімі COVID-19-бен күресуде науқастарды жатқызатын орындарды көбейту қажеттілігіне байланысты салынып жатқан арнайы әлеуметтік қызмет көрсету Орталығы ғимаратының құрылыс барысымен танысты, мұнда 500 төсек-орынға арналған бірінші эшелон инфекциялық стационар ретінде қайта бейімделеді.

«Барлық құрылыс-жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нысанды бір айдан кейін тапсыруды жоспарлап отырмыз», - деп жазды Б. Сағынтаев. Жаңа ковидтік госпиталь қажетті заманауи құралдармен және медициналық газбен жабдықталады. Қазір кадрларды даярлау жұмыстары жүруде. Мұнда госпиталь пациенттеріне диагностикалық медициналық көмек толық көлемде көрсетілмек.

Бұрын хабарланғанындай, ковидті госпитальдер денсаулық сақтау нысандарының базаларына орналасады,яғни олар қайта жабдықталып, санитарлық- эпидемиологиялық нормаларға сай пәрменді жұмыс жасайтын болады.

Таза және кір аймақтарды бөлетін қоршаулар, шлюздер, дезинфекциялық тоннельдер орнатылуда,желдеткіш (вентиляция) жүйелері және басқа да жұмыстар ретке келтірілуде.