"Халық" қайырымдылық қоры қайырымды іс жасады. Аталған қордан Атыраудағы 1000 отбасыға дәрілік-азық-түлік жиынтығы келді, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы материалдық жағдайы төмен, дәрі-дәрмектерді қажет ететін отбасылардың тізімін алты категория бойынша ұсынды. Қайырымдылық қорынан келген 1000 жиынтық қала мен аудандардағы отбасыларға таратылылып жатыр", - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі. ⠀
Әр жиынтықтың салмағы 60 килодан асады. Оған қауіпті індетті емдеу хаттамасына енген дәрілік препараттар салынған. Сондай-ақ, азық-түлік, ыдыс жууға арналған сұйықтықар, антисептикалық құралдар мен медициналық бетперде бар.