• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы

335 рет
көрсетілді

2013 жылғы 3 сәуір №16-07/145 Астана қаласы«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-бабына сәйкес, бұйырамын:1. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:берілген бұйрықпен бекітілген Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерінде:4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«4. Тiркеуге ветеринария саласындағы ветеринариялық мамандармен жүзеге асырылатын келесi кәсiпкерлiк қызмет түрлерi кiредi:»;6-тармақта:3) тармақша алынып тасталсын;6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«мамандардың білімі туралы мәліметтерді қамтиды.»;8-тармақта:бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:«жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;»;бірінші бөліктің үшінші абзацы алынып тасталсын;берілген ереженің 1 және 2-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.2. Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (М. Қ. Тайтубаев) заңдылықта белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр  А.Мамытбеков.

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеу жүргізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 08-3/534 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шауашылығы министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 16-07/145 бұйрығына қосымша

Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тiркеу жүргiзу қағидасына 1-қосымша

Нысан

Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi iске асыратын мамандар тiзiлiмiРеттiк №, күнi (тiркеу нөмiрi)    Маманның аты-жөнi, ЖСН    Ветеринариялық қызметтi жүзеге асыратын орны    Көрсетiлетiн қызмет түрлерi    Маманның бiлiмi туралы мәлiмет1    2    3    4    5

Ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тiркеу жүргiзу қағидасына 2-қосымша

НысанЖАО___________________________________________________ ______________________________________________________(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi, ЖСН) мекенжайы: ________________ __________________________________________

ӨТIНIШВетеринария саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын ветеринария маманы ретiнде тiркеудi өтiнемiн.Қызмет түрлерi:______________________________________________Келесi құжаттарды қоса берiп отырмын:Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi:____________________бiлiм туралы дипломның көшiрмесi:________________________________________________________Жалған мәлiмет және дұрыс емес құжаттарды ұсынғаны үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлдiм. Мен ұсынған мәлiметтерi мен құжаттардың тексерiлуiне қарсы емеспiн.Қызмет жүзеге асырылатын орын:_____________________________________ ____________________ 20___ жыл ______________________(өтiнiш берушiнiң қолы)Қосымша: ______ парақта. Құжаттар қабылданды________ 20 __ жыл_____________________________________(құжат қабылдаған тұлғаның қолы)Өтiнiш берушiнiң тiркеу № _____________________---------------------------------------------------------------------        (жырту сызығы)

ТАЛОНӨтiнiш берушiнiң тiркеу №_________________________________Азаматтың өтiнiшi және құжаттары___________________________Қабылдадым ________________ 20____ жыл___________________(қолы) (қолдың талдауы)Құжаттар саны _______________ дана _________ парақ.Орындалу мерзiмi ___________________________________20____жыл

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 2 мамырда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8448 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар