Кипр Еуроодақтың көпжылдық бюджетінен және экономиканы қалпына келтіру қорынан 2,7 миллиардтан астам еуро алады, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Көптеген келіссөздерден кейін Кипр Еуропалық Одақты қалпына келтіру жоспары мен көпжылдық жоспарына байланысты қойған экономикалық мақсаттарға қол жеткізді. Нақты айтқанда - келісімге қол жеткізгеннен кейін Кипр 2,7 миллиардтан аса еуро алады. 1,451 миллиард еуро мөлшеріндегі сома 2021-2027 жылдарға арналған көпжылдық қаржы жоспарынан, ал қалған бөлігі пандемияның салдарын жоюға және Кипр экономикасын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған қалпына келтіру қорынан жұмсалады", - деп жазды Кипр президенті Никос Анастасиадис Facebook парақшасында.