Қазақтың Ұлы ақыны – Абайдың қара сөздері украин тіліне аударылып, арнайы жинақ болып жарияланды. Іс шараны – осы елдегі Қазақстан елшілігі ұйымдастырған, - деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Кітап тұсаукесері – Украинаның Черкасс өңіріндегі, Канев қаласында өтті. Абайдың қара сөздерін украина тіліне - филология ғылымдарының докторы - Николай Васькив аударған.
Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт бітімі, тұрмысы, дүниетанымы мен мінезі тамаша көрініс тапқан, - деп таңқалады аудармашы. Ең бастысы, қазақ ойшылынының терең пайымы Украина халқына да қаратып айтылғандай, - дейді автор. Әзірше 500 данамен жарық көрген жинақ Ұлттық кітапхана мен мұражайларға жеткізілмек.