• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оңтүстік Қазақстан 21 Шілде, 2020

Шымкент әкімдігі 3 млрд теңге үнемдеді

505 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімдігі ел аумағына төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты басым емес бюджет шығыстарын оңтайландыру мақсатында 2020 жылдың бюджетін қайта қарады, деп хабарлайды Egemen.kz

Екі рет нақтылаудың нәтижесінде 3 094,5 млн теңге оңтайландырылды. Қысқартылған шығынның ішінде  техникалық құралдарды сатып алуға, түрлі іс-шараларды өткізуге, қаланы абаттандыруға арналған қаржы бар. 

Үнемделген қаржы індетке қарсы күрес шараларына, ауруханаларды дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтармен қамтуға бағытталды. Нақтылап айтқанда, 1 647,5 млн теңге дәрілік заттар  мен медициналық құрал-жабдықтар сатып алуға, медицина қызметкерлерін уақытша баспанамен қамтамасыз етуге және көлікпен тасымалдауға, оттегі станциясын орнатуға бағытталса, 236,3 млн теңге қаланы дезинфекциялау жұмыстарына, ал   2 050,0 млн теңге қаладағы жұқпалы аурулар госпиталының құрылысына   бағытталған.

Шілде айында қалалық бюджетті нақтылауы болады. Эпидемиялық жағдайға байланысты бюджет шығындарына талдау жасалып, жалпы  7 214,6 млн теңге оңтайландырылады деп жоспарлануда. Нақтылау кезінде мәдени іс-шаралар өткізу, қаланы көгалдандыру – абабаттандыру, қызметтік іссапарлар, мемлекеттік мұқтажға жер телімдерін алу, құрылыс жұмыстары сияқты шығындар қысқартылады. Аталған қаржы денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталады.