• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2013

Оралда кәсіпкер тікұшағы апатқа ұшырады

257 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында жоғалған тікұшақ табылды. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

«Робинсон-44» тікұшағы қаладан 20 шақырым жердегі Белес ауылы маңындағы егістік алқапқа құлаған екен. Тікұшақ ішінде болған өңір тұрғындарына танымал кәсіпкер Владимир Волков пен оның қарамағандығы қызметкер Григорий Поляничко оқиға орнында қаза тапты.

Бұл әуе көлігі 12 қазанда таңертеңгілік Ветелки ауылындағы әуежайдан ұшып шыққан. Кейін Еділсор маңындағы кәсіпкердің жеке аңшылық шаруашылығына аялдаған. Ал келесі күні зайыбы күйеуімен байланысқа шыға алмағасын, полиция бөліміне хабар береді. Оларды іздеу сол кезде басталып, облыстық төтенше жағдай департаментінің құтқару жасағы мен аэроклуб қызметкерлері жұмылдырылды. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық із қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бақытбек Кенешұлы.
Соңғы жаңалықтар