• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
17 Қазан, 2013

Іздеуде жүрген Өскеменнің бұрынғы шенеунігі ұсталды

270 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бұрынғы бастығы Жанэт Нұрлан Шымкент қаласында ұсталды. Бұл туралы Gazeta.kz хабарлады.

Оған жақын туысы «Контгрупп» компаниялар тобының директоры Құрманбековпен бірге алаяқтық жолмен «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша бір пәтерлі үйлерді салуға бөлінген 156 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағылған.

Нұрлан мен Құрманбековтың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 298 бір пәтерлі үй сапасыз салынған. Әрі пайдаланған құрылыс материалдарының бір бөлігі жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейді,  жөндеуді немесе ауыстыруды қажет етеді. Осыған орай, биылғы жылдың 27 мамырында Нұрлан мен Құрманбековке іздеуге жарияланды.

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар