• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Шілде, 2020

Нұр-Сұлтан – Үшарал бағыты бойынша әуе рейстері қалай орындалады?

335 рет
көрсетілді

Qazaq Air әуекомпаниясы, ішкі туристік бағыттар бойынша тасымалдауға сұранысты қанағаттандыру мақсатымен субсидияланатын авиабағыттарға қосымша конкурс нәтижесі бойынша, ағымдағы жылдың 20 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан – Үшарал бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бір бағыт бойынша билеттің бағасы 16 000 теңге. SCAT әуекомпаниясымен орындалып жатқан аптасына 7 рейске, Qazaq Air авиакомппаниясына қосымша 4 рейс орындауға рұқсат етілді. Барлығы, қазіргі уақытта аталған авиабағыт бойынша аптасына 11 рейс орындалады. Qazaq Air әуекомпаниясының ұшулары дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері келесі кесте бойынша орындалады:

Нұр-Сұлтан (07-20) – Үшарал (09-20);

Үшарал (10-00) – Нұр-Сұлтан (12-15).

Барлық рейс сыйымдылығы 76-дан 86 орынға дейін Bombardier әуе кемелерінде орындалады.