
Сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ - мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және емделіп шыққан науқастар саны туралы ақпарат жарияланады.
"Тұрғындар COVID-19 бырыңғай ақпараттық порталына кіріп ауруханаларда және провизорлық орталықтардағы реанимациялық төсек-орындардың науқаспен қамтылу деңгейін көре алады. Интернет ресурста ақпараттар күн сайын жаңартылып отыратын болады. Сонымен қатар онда дәрігерлердің қатысуымен бейне-брифингтер өтіп, аурудың алдын алу, оның белгілері және сақтану ережелері туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ сайтқа кіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты табуға болады",-деді Т.Варзилов.
Сайтқа мына сілтемемен кіреді.