• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2013

Күштілер күн санап іріктеліп келеді

321 рет
көрсетілді

Алматыда өтіп жатқан бокстан XVII әлем чемпионатының төртінші күні мәреге жетті. Кеше кешке сайыстың 1/32 финалдық іріктеу кезеңі аяқталды. Бүгін 1/16 финалдың алғашқы айқастары керуен кереді. Онда 52, 64 және 91 килоға дейінгілер күш сынасады.

Чемпионаттың үшінші күнгі, 16 қа­зандағы шымылдығын 49 килоға дейінгі ресейлік Бэлик Галанов пен украиналық Вадим Кудряков ашты. Ұрыс үш раунд бойына бұлардың тәжірибесі мен атағы көбінің басымдылығымен өтті.

Алматыда өтіп жатқан бокстан XVII әлем чемпионатының төртінші күні мәреге жетті. Кеше кешке сайыстың 1/32 финалдық іріктеу кезеңі аяқталды. Бүгін 1/16 финалдың алғашқы айқастары керуен кереді. Онда 52, 64 және 91 килоға дейінгілер күш сынасады.

Чемпионаттың үшінші күнгі, 16 қа­зандағы шымылдығын 49 килоға дейінгі ресейлік Бэлик Галанов пен украиналық Вадим Кудряков ашты. Ұрыс үш раунд бойына бұлардың тәжірибесі мен атағы көбінің басымдылығымен өтті.Сөйтіп, жеңіс 2011 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Б.Галановқа берілді. Ол енді келесі шайқасын 19 қазан күннің күндізгі сессиясында біздің Біржан Жақыповпен өткізеді. Бұл күнгі күндізгі сессияда 69 килоға дейінгі шотланд Льюс Бенсон мен Багам аралдарынан келген Карл Хиелдтің жекпе-жегі қорытындысында Данияр Елеусіновтің 20 қазанда болатын бірінші кездесуіндегі қарсыласы анықталды. Оған төрешілер арал-мемлекеттің боксшысын лайықты деп тапты. Ал 81 килолық Әділбек Ниязымбетов осы күні фин Велле Хукконенге қарсы шығатын болды. Бұған Суоми жігіті непалдық Дипак Махаржанды ұтуы арқылы қол жеткізді.

Егер Б.Жақыпов ресейлік бурят жігі­ті­нен айдынын асыра алса, 8/1 финалда өзбек Хусанбой Дусматовпен кездесуі әб­ден ықтимал. Себебі, келесі айналымда ал­ғаш рет рингке көтерілетін оның Ботсвана елінің өкілін жеңетініне пәлендей шүбә жоқ. Сол сияқты Д.Елеусіновтің де багамдық бақталасын ұтатынына күмән келтірудің өзі күпірлік сияқты. Ал болжам дұрыс шықса, ол бұдан әрі жапон Ясихиро Сузуки мен франциялық Соулеман Сиссохоның қай ұтқанымен ұшырасады. Бұдан әрі Ә.Ниязымбетовтің де келер күндеріне көз жіберіп көрсек, ол финнен өте алса, болгар Радослав Пантелеев пен косоволық Арменд Хохаждың бірімен ұстасады.

Кешегі ұрыстардың нәтижесінде тағы екі қазақстандықтың алғашқы қолғап түйістіретін боксшыларының аттары айғақталды. Алдымен 56 килодағы Қайрат Ерәлиевтің бірінші бәсекелесі румын Николае Адреана болатынын білдік. Волх ұланы бұл жолдаманы канадалық тай жігіті Тапжит Лаллимен таласта тартып алды. Ертең, 19 қазанда өтетін осы ұрыстан сәтті өтсе, Қ.Ерәлиевті өзбек Шахриер Исақов күтуі мүмкін. Өйткені, біз оны қырғыз Омурбек Малабековтен аса алады деп отырмыз. Ал 75 килодағы Жәнібек Әлімханұлының сынақшысы әзербайжандық авар Солтан Мигитинов пен ямайкалық Джонатан Хансонның бірі болмақ. Оның нәтижесі кеше кешкі сессия­да белгілі болды.

Сонымен, Қазақстан құрамасы мү­шелерінің ұрыс алаңына шығатын мер­зім­дері де келіп жетті. Оны бүгін Ілияс Сү­лейменов (52 кг), Мерей Ақшалов (64 кг) және Антон Пинчук (91 кг) бастайды. Олар тиісінше автралиялық Эндрю Мелонеймен, шотланд Джош Тэйломен және венгр Имре Целломен ұшырасады.

«Егемен Қазақстанның» әлем чемпионатындағы көшпелі редакциясы.

Соңғы жаңалықтар