• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2020

Қызметтік көлік дәрігерлерге көмек көрсетеді

236 рет
көрсетілді

Қазалы ауданының әкімдігіне қарасты 35 қызметтік көлік жергілікті емдеу мекемелеріне көмек көрсетіп жатыр, - деп жазады Egemen.kz

"Қазіргі эпидимеологиялық ахуалды өздеріңіз көріп отырсыздар. Соған байланысты осындайқадамға барып отырмыз. Енді дәрігерлер шұғыл шақыртуларға жедел бара алады. Осылайша "басы ауырып, балтыры сыздаған" жандарға медициналық көмек көрсетеді", – дейді Арықбалық ауылдық округінің әкімі Мәулен Қайруллаев.

Ауылдық округ әкімдерінің қызметтік көліктеріжұмыс уақытында дәрігерлік амбулатория алдындатұрса, Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентіндегіемдеу мекемелеріне аудандық әкімдіктің бөлім басшылары, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы әкімдерінің көліктері қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін төтенше жағдай және карантин уақытысында 14 аудандық дербесбөлімдердің қызметтік көліктері аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына күнделікті кезекшілікке қойылған.