• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 23 Шілде, 2020

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш тапсыру 30 шілдеге дейін ұзартылды

1165 рет
көрсетілді

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау 30 шілдеге дейін жалғасады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Биылғы ҰБТ-да 82 мың талапкер шекті балл жинады. Грантқа құжаттарды 2 жолмен тапсыруға болады:

eGov арқылы (50 мыңнан астам өтініш қабылданды);

немесе ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы (20 мыңнан астам өтініш қабылданды).

Бұл жолмен тапсырғанда ЭЦҚ қажет емес, жоо-лардың қызметкерлері бейне байланыс арқылы кеңес береді, құжаттарды толтырып, жүктеуге көмектеседі. ЖОО-лардың байланыс нөмірлерін министрліктің @edu_news_qz телеграм-каналынан және ҚР БҒМ ҰТО сайтынан жүктеп алуға болады. 

Грантты тағайындау конкурсының нәтижелері 15 тамызға дейін белгілі болады.