Халықтың кейбір топтарының ТМККК және МӘМС қаражаты есебінен ПТР-тестілеуден тегін өтуге мүмкіндігі бар, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Олар:
– инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер;
– провизорлық стационардағы COVID-ке күдікті пациенттер;
– ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар (емдеуші учаскелік дәрігердің жолдамасымен);
– карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушылары;
– жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттер (жүкті әйелдер, шұғыл емге жатқызылатын пациенттер).