Жеңіл атлетикадан "Гаухар лигасының" Гейтсхедтегі (Ұлыбритания) кезеңі биыл өтпейтін болды. Бұл туралы жарыстың ресми сайтында жарияланған, деп жазады Olympic.kz.
"Қыркүйек айында Гейтсхедке жоспарланған кезеңнің өтпейтінін хабарлаймыз. Коронавирусқа байланысты үкімет енгізген шектеуге орай стадионда жарыс өткізілмейді", - делінген ресми сайтта.
Гейтсхедте биылғы маусымның бесінші кезеңі өтуі тиіс болатын. Аталған тунир 12 қыркүйекке жоспарланған еді.