• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2013

Маңызды мәселе талқыланды

353 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, елімізде 25 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) тіркелген. Оның ішінде 5 мыңнан астамы Алматы қаласында шоғырланған. ҮЕҰ-дың басты міндеті қоғамдық өмірге белсене қатысып іргелі жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, елімізде 25 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) тіркелген. Оның ішінде 5 мыңнан астамы Алматы қаласында шоғырланған. ҮЕҰ-дың басты міндеті қоғамдық өмірге белсене қатысып іргелі жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.

Жақында Алматы қаласының VIII Азаматтық форумы өтті. Оның мақсаты мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы өзара әріптестікті кеңейту, қоғамның өзекті мәселелерін шешу бойынша бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру.

Форум тақырыбы – «Алматының таңдауы – жасыл экономика» деп аталуы тегін емес. Өзектілігі жыл сайын артып келе жатқан «жасыл экономика» саласы өз тиімділігін қоршаған ортаны қорғау және сапалы экологиялық өмірді қамтамасыз ету арқылы дәлелдеп отыр. Осыған орай, «жасыл экономиканы» дамытуға арналған форумның маңыздылығы да міне осы еді.

Форум жұмысы барысында үкіметтік емес сектор мен әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, тиісті ұсыныстар мен өзара әрекеттестік туралы жоспарлар жасалды. Азаматтық форум азаматтық сектордың тұрақты дамуына қатысты проблемалары мен оның мемлекеттік органдармен әріптестігін сараптау үшін таптырмас пікірталас алаңына айналды.

Форум аясында «жасыл экономика» саласында жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдар мен отандық және шетелдік өндірістік мекемелердің өнімдері алғаш рет көпшілік назарына ұсынылып, инновациялық жобалардың көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, мәслихат депутаттары және басқа да сала өкілдері шақырылды. Форумға қатысушылар алдында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов сөз сөйлеп, оның жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар, өзге қатысушылар да баяндамалар жасады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар