Футболдан Ресей Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Бақтиер Зайнутдинов өзінің төртінші голын атақты «Зенит» клубының қақпасына соқты.
Ресей чемпионатының соңғы турында «Ростов» өз алаңында Санкт-Петербургтің клубын қабылдады. Кездесудің 18-минутында Бақтиер 22-23 метрдей қашықтықтан қақпаға қарай допты шірене тепті. Қақпашы қанша жанталасқанымен, қауіптің бетін қайтара алмады. Одан кейін де Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы өте сауатты ойнап, стадионға жиналған барша көрерменді қуантты. Бірақ екінші таймың 72-минутында Эмилиано Ригони мен 75-минутта Сердар Азмунның соққан голының арқасында «Зенит» 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Ресей біріншілігінде «Зенит» 73 ұпаймен чемпион атанса, «Ростов» 45 ұпаймен 5-орынға жайғасты. Осы нәтижесінің арқасында «Ростов» алдағы маусымда Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Еске сала кетейік, Зайнутдинов бұған дейін «Спартак» командасының қақпасына екі гол, «Динамо» клубына бір гол соққан болатын.