Кеше Үкімет үйінде Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық арнаулы көрмесіне әзірлік пен оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болып өтті.
Серік Ахметов осының алдында аталған көрмеге әзірлік мәселелерін қарастырған Ақордадағы кеңесте Президент берген тапсырмаларға ерекше назар аударды.

«Көрме зиянсыз жұмыс істеуі тиіс. Ондағы павильондардың көрмеден кейінгі жұмыстары ұлттық компаниялар және бүтіндей алғанда мемлекет үшін пайдалы да тиімді болуы керек», деді Премьер-Министр. Сондай-ақ ол ЭКСПО-2017-ге әзірлік жөніндегі шараларды жариялаудың ақпараттық-имидждік жұмыстарына креативтік әдіс-тәсілдермен келудің қажеттігін, тиісті заң жобаларын дер кезінде әзірлеудің ерекше маңызды екендігін атап көрсетті.
Отырыс барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының басшысы Талғат Ермегияевтің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің есептері тыңдалды.
Үкімет басшысы талқылау қорытындысында барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-қа бірқатар тапсырмалар берді және көрмені өткізуге сапалы әзірлік шараларын қабылдау қажеттігін тағы бір ескертті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.