• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Шілде, 2020

Түркиядан жеткен гуманитарлық көмек Торғайға жөнелтілді

161 рет
көрсетілді

Қостанай облысына кезекті гуманитарлық көмек келіп жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Түркиядан келген жүкті облыстың денсаулық сақтау басқармасы қабылдап алды, - деп хабарлайды Egemen.kz

"2 жасанды тыныс алу құрылғысы облыс орталығынан шалғай жатқан Жангелді және Амангелді аудандарына жіберілді.  Бұдан өзге 80 медициналық бетперде, 3600 көзілдірік, 2 мың қорғаныш халаты, 6 700 қорғаныш костюмі және 25100 қорғаныш экран алдық. Жеке қорғаныш құралдарының бәрі таяу күндері медициналық мекемелерге таратылады", - деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

Қостанай облысы