• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қазан, 2013

Ауыл жастарының өзекті мәселелері елімізде тұңғыш рет өткен халықаралық конгресте кеңінен талқыланды

274 рет
көрсетілді

Тұңғыш рет өтіп отырған ауыл жастарының халықаралық конгресіне жеті мемлекеттен, атап айтқанда, Вьетнам, Моңғолия, Қытай, Түркия, Ресей, Беларусь, Қазақстаннан 200-ге тарта делегат келіп, екі күн бойы ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Халықаралық конгресс жұмысына Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Қаржы министрі Болат Жәмішев, Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, шетелдердегі төтенше және өкілетті елшілер, халықаралық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік органдар, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, барлық облыстардан делегат болып келген ауыл жастары қатысты.

Тұңғыш рет өтіп отырған ауыл жастарының халықаралық конгресіне жеті мемлекеттен, атап айтқанда, Вьетнам, Моңғолия, Қытай, Түркия, Ресей, Беларусь, Қазақстаннан 200-ге тарта делегат келіп, екі күн бойы ауыл жастарын жұмыспен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, басқа да өзекті мәселелерді талқылады. Халықаралық конгресс жұмысына Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Қаржы министрі Болат Жәмішев, Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, шетелдердегі төтенше және өкілетті елшілер, халықаралық ұйымдар өкілдері, мемлекеттік органдар, республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, барлық облыстардан делегат болып келген ауыл жастары қатысты.

Бірінші күні пленарлық мәжілісті өңір басшысы Б.Сапарбаев ашып, шетелдерден және Қазақстанның барлық облыстарынан келген делегаттарды құттықтады. «Елбасы Қазақстанның жарқын болашағы біздің жастарымыздың қолында» деп атап көрсеткен болатын, – деді баяндамашы. – Ендеше, алғаш рет өтіп отырған конгресте жастардың проблемасы, ауыл жас­тарын жұмыспен қамтамасыз ету, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу орынды сөз болмақ. Шығыс Қазақстанда қазіргі кезде 14 пен 29 жас аралығында 359 мың жас тіркелген. Оның ішінде ауыл жастары 138 мыңнан асады. Қазір облыстың барлық аудандарында «Жастар орталығы» жұмыс істеп тұр. Өскемен мен Семейде жастарға арналған тұрғын үйлер салынды. «Фермерлер мектебі», «Балалар мен жастарды қолдау орталығы» және «Ақылды қала» жастар кешені жалындаған жастардың сүйікті демалыс орнына айналып отыр».

А.Мамытбеков өз сөзінде қазіргі кезде адамзаттың көбейіп келе жатқанын, 2050 жылы жер бетінде 9 миллиардтан астам адамның болатынын, сол кезде азық-түлікпен қамтамасыз етуде үлкен проблемалардың орын алатынын айтып өтті. Демек, біз не істеуіміз керек? Ол үшін ауыл шаруашылығын жетілдіруіміз, азық-түліктің мықты базасын жасауымыз керек. Демек, білікті де білімді мамандар әзірлеу қажет. Бұл күндері жоғары оқу орындарында 135 мың жас білім алып жатыр, оның 10 мыңнан астамы ауыл шаруашылығы мамандары болмақ. «Дипломмен –ауылға!» бағдарламасы бойынша өткен жылы ғана елімізде мыңдаған жас ауылдарға барып, жұмысқа орналасты. Оларға бір айлық мөлшерінде көтерме сыйлық беруде, пәтермен қамтамасыз етуде біршама істер тындырылғанымен, әлі де болса ауылдарда жастар демалатын орын, клубтар мен спорт алаңдары аз, деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Алматы облысының Мойнақ ауылынан Әсем Өскенбаева «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасымен келгенін, көмек алғанын, алайда, ақпараттық технологияны қолдануда кемшіліктер бар екенін, ауыл жастарының демалатын орны аз екенін айтса, Абай ауданындағы жастарды қолдау орталығының директоры Мейіржан Смағұлов өңірде 555 шаруа қожалығының жұмыс істеп тұрғанын, оның ішінде 18 жастың қожалықты басқаратынын, жас­тар орталығының олармен тығыз қарым-қатыныста екенін айта кетті. Аудандағы әрбір кәсіпкер кем дегенде бір жасты жұмысқа қабылдаса оң болар еді, деді ол. Ауыл жастарына тегін білім алу үшін квотаны көбейту мәселесін көтерді.

Шетелден келген қонақтар өз мемлекеттерінде жастар проблемасының қалай шешіліп жатқанын тілге тиек етті. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Байер» компаниясы ұйымдастырған байқаудың жеңімпаздары арнайы сертификатпен марапатталды.

Конгрестің екінші күні делегаттар ауыл жастарын жұмыспен қамту мәселелерін шешу және бос уақыттарын тиімді пайдалану бойынша пікірталас өткізді. Шемонаиха ауданындағы «Қамысты» шаруа қожалығында болып, жастарға жасалып жатқан әлеуметтік жағдаймен танысты. Мұнда жастар демалатын орын, тұрғын үй салынған. Астанадан келген қос министр Өскемен – Шар темір жолы үстінен қатынайтын алып көпірдің ашылу рәсіміне қатысып, фермерлерге арналған гастрономдағы арзан азық-түлік тауарларын көрді. Түстен кейін Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге салынатын салық мөлшерін оңтайландыру мәселесіне арналған аймақтық семинарға қатысты.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы.

Суретте: халықаралық конгрес­ке қатысушылар.

Суретті түсірген автор.

Соңғы жаңалықтар