97 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері, "ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі" қоғамдық қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы Александр Колесников қайтыс болды. Ақпаратты ҰОС ардагерлері кеңесі өкілі растады, - деп хабарлайды Egemen.kz.
"Ұлы Жеңіс", 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, КСРО мен Қазақстанның жауынгерлік медальдарымен марапатталған.
Соғыстан кейін Александр Егорович Барнауыл политехникалық институтына түсті. Шымкентте он жыл тұрған. Облыстық кәсіподақтар комитетінің төрағасы қызметін атқарған, қалалық комитет пленумының мүшесі болды. 1972 жылы Алма-Ата қаласына (қазіргі Алматы) көшіп келген.