"Экологиялық білім: қазақстандық қоғамда экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеу және қалыптастыру" тақырыбында өткен онлайн дөңгелек үстел отырысында қоғам қайраткері Арман Хайруллин 2021 жылды экология жылы етіп жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Egemen.kz
"Атырауда бүгін экологиялық апокалипсис жағдайы орын алып отыр. 90-шы жылдардан бүгінге дейін ауа бассейніне 4 млн тонна уытты зияндылар шығарылған екен. Осының барлығы біздің денсаулығымызға зиян келтіріп отыр. Шақалақтардың шетінеуі және де түрлі потологиялар бойынша алда келе жатырмыз. Менің ұсынысым біздің экология министрлігін құрып берген президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды 2021 жылды экология жылы деп жарияласа екен. 20 жылда бірде-бір экология жылы жарияланған емес. Қазақстандықтарды осы ұсынысымды қолдауға шақырамын", - деді ол.