• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2013

Сенат Төрағасы: «Нұр Отан» партиясының съезі жоғары деңгейде өтті

300 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бю­ро­сының мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының съезі жоғары саяси, идеологиялық және ұйымдастыру деңгейінде өтті деп санайды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат Төрағасының пікірінше, біздің мемлекеттің күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелер туралы жан-жақты әңгіме болды. Мемлекет басшысы – партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі үлкен әсер қалдырды. Елбасы жұмыспен қамтамасыз ету және ғылыми негізделген инновацияларды дамыту туралы қос міндеттің маңыздылығы туралы айрықша атап көрсетті.

Сенат Төрағасы:

«Нұр Отан» партиясының съезі жоғары деңгейде өтті

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бю­ро­сының мүшесі Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының съезі жоғары саяси, идеологиялық және ұйымдастыру деңгейінде өтті деп санайды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат Төрағасының пікірінше, біздің мемлекеттің күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелер туралы жан-жақты әңгіме болды. Мемлекет басшысы – партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі үлкен әсер қалдырды. Елбасы жұмыспен қамтамасыз ету және ғылыми негізделген инновацияларды дамыту туралы қос міндеттің маңыздылығы туралы айрықша атап көрсетті.

Шын мәнінде, бұл мәселелер­дің жаһандық тұрғыда сипаты бар. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі жұмыссыздар саны 200 миллион адамнан асып кетті. Оған жұмысқа жасанды түрде тұрғандар мен аз төленетін жұмысшыларды қосқанда лайықты жұмысы жоқтар саны 400 миллионға жетіп отыр. Сонымен бірге, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру туралы стратегиялық міндетті біздің еліміздің инновациясыз жүзеге асыруы мүмкін емес. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстардың төтенше маңызды екені ақиқат.

Президенттің сөзі, тұтастай алғанда, бағдарламалық мәнге ие және өте өзекті әрі ерекше көзқарастар мен тұжырымдарға толы. Партия мүшелері съезде айтылған аса маңызды ой-пікірлерді өмірге енгізе отырып, біздің көпұлтты халқымызды біріктіру жолындағы жарқын істерді орындауға жұмылуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар