• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қазан, 2013

55 жылдан кейін жарық көрген антология

351 рет
көрсетілді

Майндағы Франкфурт кітап жәрмеңкесінде оқырман назарына ұсынылды

Майндағы Франкфурт қаласы қазан айында бір апта бойы «Еуропаның кітап астанасы» атын иеленеді. Мұнда әлемдік кітап индус­триясы өкілдерін жинайтын Frankfurt Buchmesse немесе Франкфурт кітап жәрмеңкесіне жыл сайын 100-ден астам елдің 8 мыңға жуық кітап өндірісіне маманданған компаниялары қатысып, өз өнімдерін оқырман назарына ұсынады.

 

Бұл көрменің басқа емес, дәл Франк­фуртта өткізілуінің де өзіндік тарихы бар, Гутенбергтің алғаш­­қы кітабы XV ғасырда осы қалаға жақын жерде жарық көріп, кітап шығару ісінің бастауы осы аймақ­тан басталған екен.

Майндағы Франкфурт кітап жәрмеңкесінде оқырман назарына ұсынылды

Майндағы Франкфурт қаласы қазан айында бір апта бойы «Еуропаның кітап астанасы» атын иеленеді. Мұнда әлемдік кітап индус­триясы өкілдерін жинайтын Frankfurt Buchmesse немесе Франкфурт кітап жәрмеңкесіне жыл сайын 100-ден астам елдің 8 мыңға жуық кітап өндірісіне маманданған компаниялары қатысып, өз өнімдерін оқырман назарына ұсынады.

Бұл көрменің басқа емес, дәл Франк­фуртта өткізілуінің де өзіндік тарихы бар, Гутенбергтің алғаш­­қы кітабы XV ғасырда осы қалаға жақын жерде жарық көріп, кітап шығару ісінің бастауы осы аймақ­тан басталған екен. Ал көрменің әлемдік, халықаралық тарихы қалыптасқанына 65 жыл. Содан бері жәрмеңке өтетін павильондар кітап шығару ісі, шығармашылық саласындағы жаңа тенденциялар туралы пікір алысатын, жаңа өнімдердің тұсаукесері өтетін, кітапсүйер қалың оқырман көптеп жиналатын орталыққа айналып келеді. Жәрмеңкедегі қазақстандықтардың жаңалығы сол – көрме кезінде «Халықаралық Баспа жобасының» аясында «Тәуелсіз Қазақстан: қазіргі заман әдебиетінің үш томдық антологиясы» сериясымен жарық көрген шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Орыс тілінде жарық көрген үш томдық антология – балалар әдебиеті, қазіргі қазақ прозасын және қазіргі қазақ поэзиясын қамтиды.

«Домбыра мен бесік» («Дом­быра и колыбель») жинағына балалар әдебиетіне қалам тартқан ақын-жазушылардың еңбектері енсе, «Жусан иісті жұмақ өлке» («Моих степей полынная звезда») жинағына 42 автордың прозалық шығармалары топтастырылған, «Ғасырларға жол тартқан жақұт жылдар» («Дорог небесных вехи») деген атпен шығарылған том 77 автордың жырларын қамтиды. Айта кетерлік дүние – бұл қазақ баспагерлерінің Мәскеудің «Художественная литература» баспасымен бірлесіп дайындаған ортақ өнімі.

Антологияны жарыққа шы­ғару идеясы Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық банкінің төра­ғасы Қайрат Келімбетовке тиесілі. «Қазақ поэзиясының анто­логиясы» 1958 жылы ұлы жазу­шымыз Мұхтар Әуезов пен Тәкен Әлімқұловтың алғысөзі­­мен басылған екен. Арада жарты ғасырдан астам уақыт өткенде, соның ізін жалғастыра жарық көрген бұл үш томдық орыс және ТМД оқырмандарын қазақ әдебиетінің жаңа тынысымен таныстырады» дейді кітап бетінде өз пікірімен бөліскен бас банкир. Антологияны құрастырған Қазақстанның белгілі баспагері, жазушы-ғалым Райхан Мәженқызы мен «Художественная литература» баспасының директоры, Ресейдің белгілі публицисі Георгий Пряхин.

Осы тұсаукесер аясында «Ха­­­лық­­­аралық Баспа жобасы», сондай-ақ, жазушы, түркітанушы ғалым, филолог, Франц Кафка сый­­лы­ғының иегері Немат Келім­бетовтің бірнеше тілге ауда­рылған шығар­маларын да оқырман назарына ұсынды.

Жазушы-ғалымның үзеңгілес жолдасы болған, профессор, академик Сейіт Қасқабасов Немат Келім­бетовтің зерттеушілік басым­дықтарына тоқталады. «Немат Ке­лімбетов көне дәуір әдебиеті мен қазақ әдебиетінің байланы­сын зерттеп, қазақ әдебиетін кө­не ғұн, сақ дәуірі әдебиетімен жал­ғас­тыр­ған ғалым. Оған дейінгі зерттеу­ші­лер қазақ әдебиетінің тарихын ежелгі түркі қағанаты кезеңі, ХІ ғасыр әдебиетінен бастаса, Немат Келім­бетов профессор Бейсенбай Кенже­бае­в­тың қолдауымен қазақ әдебие­тінің бастау бұлағын ежелгі ғұн, сақ дәуіріне дейін созды, ұзартты», – деді ол.

Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Соңғы жаңалықтар