Атырау қаласында жыл басынан велосипед ұрлығы бойынша барлығы 70 қылмыстық іс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерімен іздестіру шаралары барысында қолды болған 50-ге жуық велосипед жәбірленушілерге қайтарылды.
20 мамыр сағат 20:40 пен 21 мамыр сағат 17.00 аралығында қаладағы Ш.Уәлиханов көшесіндегі көп қабатты үй дәлізінің 2-қабатында тұрған құны 60 мың тұратын маркасы “Trinx” велосипедін, 22 мамыр күні сағат 10.00 мен 12.00 аралығында қаладағы Сәтпаев көшесі #41Б үйдің дәлізінде тұрған құны 80.000 теңге тұратын қара түсті спорттық велосипедін жасырын ұрлап, бой тасалап қашып кеткен күдікті іздестіру шаралары барысында ұсталды.
24 жастағы қала тұрғыны тергеу изоляторына қамауға алынды.
Қалалық полиция басқармасының 1-бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығын “кәсіп” еткен 2001 жылғы күдіктіні анықтады. Тексеру барысында, бұл жігіттің үш велосипедті қолды қылғаны анықталды.
Жедел уәкілдермен велосипед ұрлығына қатысты 27 жастағы әйел анықталды.
Ол қаланың Нұрсая ықшам ауданындағы үйлердің дәліздерінде қалдырылған екі велосипедті және балаларға арналған самокатты қасына төрт жастағы қыз баласын ертіп жүріп жасапты. Күдіктінің басқа ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Ал, 15 шілде сағат 21.00 мен 16 шілде сағат 08.40 аралығында белгісіз адам Атырау қаласы Ақ-шағала ықшам ауданы 2-көшедегі үйлердің бірінің дәлізінде тұрған құны 90.000 теңге тұратын маркасы “Stels” велосипедін ұрлаған. Жоғалғаны бойынша іздестіру шаралары барысында қылмысқа күдікті 2002 жылы туған қала тұрғыны анықталып, ҚР ҚК-ң 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
Атырау қаласы Полиция басқармасы велосипед иелеріне велосипедті үй дәліздеріне, сауда үйлерінің немесе басқа да мекемелердің бейнекамерамен қамтылған аумақтарына қалдыруды ұсынады. Ал, үй дәліздеріне, аула сыртына қалдырған жағдайда құлыптап бекіту керектігін ескертеді.