Америка Құрама Штаттарының радиостанцияларында Димаш Құдайбергеннің әндері тұрақты беріліп келеді. Бұл туралы Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы 28 мамырда "KMRD-LP.FM" радиостанциясы Димаштың әнін алғаш қойған күні аталмыш радио тыңдармандарының саны рекордтық көрсеткішке жеткен. Қазақ әншісінің жанкүйерлері эфирді АҚШ-тың түкпір-түкпірінен тыңдаған.
"KMRD" – Мадридтегі (Нью-Мексико) танымал радиостанция. Онда штатқа әйгілі жалғыз диджей Трифтидің (DJ Thrifty) бағдарламасы таралады. Бағдарлама күн сайын тау уақытымен сағат 21:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 9:00-де) әуе толқынына шығады. Қазақстандық орындаушының дауысына тамсанған диджей Трифти: «Расымен де, Американың радиоэфирлерінде бұл жігітке аз уақыт бөлінеді екен, ұзарту керек», – деген. Содан бері диджей Трифти өз бағдарламасына Димаштың әндерін тұрақты түрде қосып келеді", - делінген сайттағы ақпаратта.