• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2020

Елордалық дәрігерлер тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға ота жасауда

534 рет
көрсетілді

Балалар ортопедтері туа біткен ақаулары мен жамбас буынының патологиялық шығуы бар жасөспірімдерді емдеудің ең күрделі және тиімді әдістерін қолдануда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

№2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының ортопедия және оңалту бөлімінің меңгерушісі Агабек Чикинаевтың айтуынша, бұған дейін жамбас буындарының шығуы мен дисплазиясы бар балаларды аяғына тұрғызу үшін олардың 18 жасқа толғанын күтуге тура келетін. Қазір дәрігерлер арнайы дайындықтан өткеннен кейін бірегей операция Қазақстанда да жасалуда.

"Бұл ота – Ganc әдісі бойынша жамбас мүшелерінің остеотомиясы. Сент-Луистік (АҚШ) профессор D. Kuldzhanova көмегімен аурудан арылуға мүмкіндік беретін күрделі және тиімді емдеу әдістерінің бірін игердік. Әсері өте жақсы: ағза ерте қалпына келеді, асқыну ықтималдығы өте төмен. Церебральды сал ауруы, патологиялық буын шығуы, патологиялық буын шығуымен күрделенген жұлынның туа біткен ақаулары бар балалар үшін бұл операция өте тиімді", – дейді А.Чикинаев.

Оның айтуынша, отаға арналған құралдар Нижний Новгород зауытынан тапсырыспен алынған.

"Жамбас оталарына арналған жиынтық – Қазақстандағы шағын тілік арқылы жамбас буынына ота жасауға мүмкіндік беретін жалғыз құрал. Егер бұрын ота үш-төрт сағаттан көп уақыт алса, қазір екі сағатқа дейін. Бұл өте жақсы нәтиже. Қазақстанның барлық аймақтарынан балалар көмек алуда. Бұрын бұл жаста біз ота жасамай, баланың өскенін күтетінбіз. Олар ақсау, омыртқаның қисаюынан зардап шекті. Енді біз тиімді көмек көрсете аламыз", – деп түсіндірді дәрігер.

Отандық дәрігерлер емдейтін тағы бір ауру – қол-аяқтың буындары мен байламдарының туа біткен ақаулары. Бұл аурумен ауыратын балалар көп емес, бірақ әр аймақта кездеседі. Бір ғана №2 балалар ауруханасында осындай 32 бала тіркелген.

"Бірегей операция бар, ол қолды бүгілген күйден қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Биыл мұндай ота 11 науқасқа жасалды. Бала тамақтана алады, жуынып, компьютер қолдана алады. Бір сөзбен толыққанды өмір салтын ұстанып, қамқоршыларға тәуелді болмайды", – дейді дәрігер.