• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Қазан, 2013

Зейналов кісі өлімі болған кезде басқа жақта жүргенін айтады

294 рет
көрсетілді

Күдікті ретінде ұсталған Әзербайжан азаматы Орхан Зейналов қазанның 10-ы күні Мәскеудің Батыс Бирюлево ауданында Егор Щербаков өлтірілген кезде өзінің мүлдем басқа жақта жүргенін айтып, оның қазасына қатысы жоқ екенін білдірді. Бұл туралы «Труд» газеті жазды.

«Ол өзіне тағылған айыптан үзілді-кесілді бас тартып отыр», - делінген ақпарда.

«Егер бұрын Зейналов тергеу кезінде қазанның 9-ынан 10-на қараған түні Щербаковты пышақпен ұрғанын, бірақ оны өлтіру ниетінде болмағанын айтып келсе, қазір енді ешкімді де өлтірмедім, мен ол жерде болған жоқпын деп отыр», - деді Тергеу комитетінің өкілі Владимир Маркин.

Айта кетейік, тергеудің мәліметі бойынша, Зейналов Щербаковты жүріп жүрген қызының көзінше пышақпен ұрған. Ал куәгер қыздың оны таныды ма, жоқ па, ол жағы айтылмайды.

Сәкен Майлыбай.

Соңғы жаңалықтар