Алматы қалалық ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасының қызметкерлері жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы BNews.kz хабарлады.
Жетісу аудандық соты жол полициясы басқармасының қызметкерлері бірнеше мәрте пара алғаны үшін айыптау үкімін жария етті. Жол полициясының бірі Қылмыстық кодекстің 311 бабы 4 тармағының «б, г» тармақшаларымен айыпталып, 5 жыл мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан және полиция капитаны атағынан айырылып, мүлкі тәркілене отыра 8 жыл 6 айға, ал екінші инспектор де осынша мерзімге бас бостандығынан айрылды. Олар жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтейді. Ескере кететін жағдай, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Бақытбек Кенешұлы.