• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2013

«Сары Алмаздың» бауырына іздеу жарияланды

321 рет
көрсетілді

Қылмыс әлемінде «Сары Алмаз» деген атпен әйгілі болған Несіпбай Нәсеновтың бауыры Асқар Нәсеновке іздеу жарияланды. Бұл туралы «КТК» телеарнасы хабарлады.

Биыл қыркүйекте «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ-ға қарасты «Транстелеком» компаниясының бұрынғы вице-президенті Мұхтар Әбдрахмановқа мемлекет қазынасының 4 млрд. теңгесін жымқырды деген айып тағылып, құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түскен болатын. Енді қаржы полициясы оның жалғыз әрекет етпегенін анықтап отыр. Мемлекет қаржысына М. Әбдрахмановтың бастығы болған Асқар Нәсенов те қол сұққан екен. Ол 2002-2007 жылдар аралығында аталмыш компанияға жетекшілік жасапты. Қазір оған құқық қорғау органы іздеу жариялады.

«Астана қаласы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы маманының қорытындысына сәйкес, “ТрансТелеком” АҚ мен “КТ&Т” ЖШС арасындағы келісім-шарт жалған мәміле болып табылған. Бұл мемлекеттің 4,1 млрд. теңгесінің негізсіз төленуіне әкеліп соқты»,- дейді Қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар