• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2013

Австралияда жарақаттанған кенгуру дәріханаға өзі келді

350 рет
көрсетілді

Австралияның Мельбурн қаласында жол апатынан жарақат алған кенгуру әуежайдың екінші қабатында орналасқан дәріханаға өз бетінше келді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Кенгуру автокөліктің астына түсіп, аяғын жарақаттап алған екен. Оның жарақатын тексеріп шыққан Австралия қоршаған ортаны қорғау қоғамының еріктілері асфальтқа секіргендіктен, оның тырнақтары қатты сырылып кеткенін айтады.

Кенгурудың қалаған уақытында дәріхана ішінен қашып кетуіне мүмкіндігі болғанымен, әдейі көмек күткендей ешқайда кете қоймаған екен. Біраз уақыттан соң қоршаған ортаны қорғау қоғамының еріктілері келіп, жануарды мал дәрігеріне алып кеткен.

«Кенгуру жарақат алған соң, өзінің қауіпсіздігін ойлап, дәріханаға әдейі келген көрінеді», – дейді Мельбурн әуежайының баспасөз хатшысы Анна Джиллет.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар