• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 03 Тамыз, 2020

М2 көпір құрылысы 4 тамызға дейін толықтай жабылды

250 рет
көрсетілді

Орташа жөндеу аясында М2 көпір құрылысында Мәңгілік Ел даңғылынан Амман көшесіне дейін жол құрылысын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 3-4 тамыз аралығында қозғалысты толығымен жабу жоспарланған. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", деді Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.