Газетімізде бұдан бұрын хабарланғанындай, 16 қазан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі кеңесте Adriаn Smith+Gordon Gill Arhitecture компаниясы әзірлеген көрме кешенінің архитектуралық эскизі мақұлданған болатын.

Adriаn Smith+Gordon Gill Arhitecture компаниясы – әлемдегі жетекші архитектуралық компаниялардың бірі. Компания осы уақытқа дейін әлемдік кеңістіктегі белгілі жобаларды жүзеге асырып келеді. Солардың қатарында Дубайдағы (БАӘ) Бурдж Халифа кешені, әлемдегі ең биік ғимарат деп табылып отырған Жиддадағы (Сауд Арабиясы) Кингдом Тауер бар. Қазіргі күні бұл архитектуралық компанияның қоржынында қайта жаңғыртылатын энергия көзімен жұмыс істейтін және «жасыл» құрылыстар қатарындағы жаңа технологиялық жобалар көптеп саналады.
Жалпы, бұл жайындағы неғұрлым толығырақ ақпараттарды ЭКСПО-2017 көрме кешені үздік эскиз-идеясын анықтауға арналған Халықаралық архитектуралық конкурстың Астанада 22 қазан күні өтетін қорытынды баспасөз мәслихатында алуға болады. Бұл баспасөз мәслихатына «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев, конкурстың техникалық кеңесінің төрағасы Джереми Рифкин, сондай-ақ Adriаn Smith+Gordon Gill Arhitecture компаниясының өкілдері қатысады деп күтілуде.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».