Көлік жүргізушілеріне бағдарын алдын-ала жоспарлау ұсынылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Жол құрылысы жұмыстарына байланысты 4-20 тамыз аралығында Ақан сері (Орынбор) және №189 (Сейфуллин) көшелері толығымен жабылады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмас үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек.
"Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.