"Алматы қаласында Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің "сыйлығын" көргенде іштей алғысымды білдірдім. Алайда, Димаш Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім. Қазіргі таңда, осынша қиын жұмысқа еңбегі кеткен азаматтарға алғыс айтуды жөн көріп отырмын. Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін. Және барша қолдаушыларыма шын жүректен алғыс білдіремін.Үлкен рахмет!",– деп жазды Димаш Құдайберген.
Қазақстан
•
04 Тамыз, 2020
Димаш Құдайберген Алматыдағы муралға қатысты пікірін білдірді
861 рет
көрсетілді