Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев күніне 12 мың кірпіш шығаратын цех жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Өндіріс орнына қажетті шикізат Арал ауданының Ақбай ауылынан жеткізіліп отыр.
"Тоғыс Арал отын" серіктестігі ашқан цехта қазір 30-ға жуық жұмысшы еңбек етуде. Жергілікті өнімнің бағасы да қолжетімді. "Тоғыс Арал отын" ЖШС директоры Мейрамбек Жұмашевтың айтуынша, Қазалыдағы цехта шығарылған кірпіштер әзірге Қарағанды мен Жезқазған қалаларына тапсырыспен жөнелтілуде.