• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2020

"Kaspi bank" жамбылдық дәрігерлерге жедел жәрдем көлігін тарту етті

198 рет
көрсетілді

  Коронавирус індеті ел ішіне дендеп енгелі бері жедел жәрдем көліктерінде тыным жоқ. Тіпті дәрігерлердің көмегіне жүгінушілердің көп болғандығы себебінен, кейде тұрғындар тарапынан жедел жәрдем көлігінің уақытында келмейтіндігі де сынға алынған болатын. Дегенмен де Жамбыл өңіріндегі жедел жәрдем көліктерінің тозығының жеткені де талайдан бері айтылуда. Сондай-ақ, қолданыстағы көліктердің қырық пайыздан астамын жаңарту мәселесі де бар, - деп жазады Egemen.kz

Осындай қиын-қыстау кезеңде "Kaspi bank" акционерлік қоғамы демеуші болып, Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына 10 жедел жәрдем көлігін алып берді. Енді аталған көліктер коронавируспен күресте қызмет көрсететін болады.

Сонымен қатар, бұл жедел жәрдем көліктері медициналық, санитарлық және бактерицидтік жабдықпен жабдықталған. Бір айта кетерлігі, бұл көліктерді "СарыарқаАвтоПром" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрастырған. Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов "Kaspi bank" акционерлік қоғамы мен "СарыарқаАвтоПром" компаниясының басшылығына алғыс білдіріп, өңір дәрігерлеріне көлік кілттерін табыс етті. «Жалпы, қазіргі таңда облыс бойынша 139 бригада жұмыс істейді. Жедел жәрдем көліктері жеткілікті. Дегенмен елдегі жағдайға байланысты шақыртулар көп болып, түрлі қиындықтар туындап жатады. Жедел жәрдем көліктері үлгермей қалуы мүмкін.

Ал бүгін демеушілер сыйға тартқан 10 көлік бірқатар олқылықтардың орнын толтыратыны анық. Сонымен қатар, алдағы уақытта аталған демеушілердің қолдауымен тағы 18 жедел жәрдем көлігі қатарды толықтырады деп күтілуде», деді Марат Жұманқұлов.

 

Жамбыл облысы