• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
22 Қазан, 2013

Алматыда әлі 400-ге жуық үйге жылу берілген жоқ

250 рет
көрсетілді

Алматы қаласына жылу 15 қазаннан бастап беріле бастады. Алайда, жылу барлық үйлерге бірдей барған жоқ. Бұл туралы «Алматы ақшамы» газеті жазды.

Нақты есепке жүгінсек, қаладағы 7 мыңға жуық тұрғын үйдің 370-і жылусыз отыр.«Бүгiнгi таңда  қаладағы ден­сау­­лық сақтау және бiлiм беру меке­мелерi сияқты әлеуметтiк нысан­дардың 100 пайызы жылу энергиясы­мен қамтамасыз етiлдi. Ал тұрғын үйлердiң 95 пайызы жылуға қосылса, қалған 5 пайызы жылуға қосыл­маған. Себебi, бұл үйлер жылу беру маусымына дайын  емес»,-дейдi Ал­маты қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқар­масы басшысының орынбасары Ғанибек Оразбаев.

Мамандардың айтуынша, жылу­дың шаһарға бiркелкi берiлмеуiне пәтер иелерi кооперативтерi кiнәлi екен.«Алматы жылу жүйелерi» ЖШС бас директорының орынбасары Марина Яковлева биыл Алматыдағы көпқабатты үйлердiң жартысынан көбi қысқы маусымға тиiстi деңгейде дайындалмағанын атап өтті. Қыс­қы маусым қарсаңында жылу жүйе­лерi мүлде жөнделмеген. Көп жағдайда, ағымдағы жөндеу жұмыстарымен  шектелген көрiнедi. Мұның барлығы да ПИК төраға­лары­ның өз қызметтерiне салғыртты­ғын аң­ғартып отыр. ПИК-тердiң жылу жүйе­лерiн қысқа дайындамай, өзде­рiне жүктелген мiндеттi дұрыс атқар­ма­уының салдарынан, пәтерлерге жылу мезгiлiнде берiлмей, тұрғындар суық пәтерде отыруға мәжбүр болып отыр.«ПИК-тiң басты мiндеттерiнiң бiрi-көпқабатты тұрғын үйлердiң қыс мерзiмiне толық дайындықпен келуiн қамтамасыз ету.  Атап айтқанда, олар, құбырларды тазалап, желiн шығарып,  ақаулары болса жойып, жүйелердi жылу беру маусымына дайындауды қамтамасыз етедi.  Биыл көпқабатты үйлердiң жартысынан көбi қысқы маусымға тиiстi деңгейде дайындал­мады. Сондықтан, «Алматы жылу жүйелерi» оларға жылыту маусымына дайындық актiсiн бермедi. Жалпы, бiз бүгiн қалаға жылуды 100 пайыз берiп, өз мiндетiмiздi толық атқарып отырмыз. Сондықтан, егер үйiңiзде жылу болмаса, ПИК-ке барыңыз»,-дейдi «Алматы жылу жүйелерi» ЖШС бас директорының орынбасары Марина Яковлева.

Қыс­қы маусым басталғанда пәтерге тиiстi мөлшерде жылу берiлмесе, тұрғындар үйреншiктi әдетiмен жылу орталық­тарына шағымданатыны бар. Дегенмен, пәтердiң жылы болуына тек комму­налдық кәсiпорын ғана  емес, ПИК-тердің де жауапты екенiн ескере бермейді. Қазір жергілікті билік ПИК өкілдерінен кепілдеме хат алып, жылу бер мәселесін оңтайлы шешуге кірісіп кетті...

Данияр Түймебай.

Соңғы жаңалықтар